Алматыда полиция алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты

15:49, 28 сәуір 2025

© Сурет: Алматы қаласы ПД қызметі

Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.Тергеудің мәліметінше, қаскөйлер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген.

Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды.

Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді.Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

"Мұндай қылмыстармен күресу – біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық. Алматы полициясы құқық қорғау рәміздерін заңсыз пайдалану деректерінің жолын кесуді және оған қатысы барлардың барлығын жауапкершілікке тартуды жалғастырады", – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!