Алматыда полицейлер «көңіл көтеретін газ» жеткізушісін кездейсоқ анықтады

15:14, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566729

© Фото: Zakon.kz

Алматыда Астана тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне айтып берді.

Ведомство мәліметінше, жолдағы әдеттегі тексеру барысында полицейлер күтпеген жерден басқа заң бұзушылықты анықтаған.

Оқиға Алмалы ауданындағы Жамбыл және Шәріпов көшелерінің қиылысында болды. "Боран-254" патрульдік экипажы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлікті тоқтатты.

Көлік тізгінінде Астананың 29 жастағы тұрғыны болған. Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер "көңіл көтеретін газ" толтырылған баллондар мен әуе шарларын тапты.

Белгілі болғандай, ер адам осындай өнімдерді жеткізумен айналысқан. Табылған заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыркүйек айының басында полиция Алматы орталығындағы екі үйді ерекше бақылауға алатынын мәлімдеген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!