Алматыда пәтер ұрысы ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, пәтер ұрлығына күдікті азаматты ұстады.
Қала полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті күндізгі уақытта, үй иелері сыртта болған сәтте, баспаналарға еркін еніп, ұрлық жасаған.
Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, қазіргі таңда оның кем дегенде бес ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталып отыр.
Бұл қылмыстар қаланың әртүрлі аудандарында тіркелген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеден асады.
"Күдікті ұсталған кезде оқиға орнынан айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді Талант Исаев.
Полиция тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: үйден шығарда есік пен терезенің жабық екеніне көз жеткізіп, сенімді құлыптар орнату және бейнебақылау жүйелерін қолдану қажет. Мұндай алдын алу шаралары азаматтардың мүлкін сақтауға сеп болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
-
18:04, 16 желтоқсан 2025
Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді





