Алматыда өткен демалыс күндері сегіз қалта ұрысы ұсталды

17:47, 18 наурыз 2019

Алматыда өткен демалыс күндері қоғамдық көліктерде, автобус аялдамаларында және сауда-ойын-сауық орталықтарында қалта ұрлығымен айналысқан сегіз адам ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, "суық қолдардың" барлығы да криминалды полицияның жедел-із кесу бөлімінің жедел-іздестіру шараларының барысында анықталған. Белгілі болғандай, мұндай қылмыстардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда ұқсас сценарий бойынша - сырт киімнің қалтасында орналасқан ұялы телефондар мен әмияндарды жасырын ұрлау арқылы жасалды.

- Осыған байланысты біздер азаматтарды өз заттарына мұқият сақ болуларын қайта-қайта ескертеміз. Бағалы заттарды еш уақытта киімнің сыртқы және артқы қалталарына салуға болмайды, жеке заттарыңыздың барлығы көзіңізден таса болмауы қажет, - деп кеңес берді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері осы ұсталғандардың іс-әрекеттерінен жапа шеккен адамдар болса, құқық қорғау органдарына арыздану үшін олардың фотосуреттерін жариялауды жөн деп тапқан.

Суреттер Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінен алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!