Алматыда осы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ

17:48, 12 сәуір 2019

"Jasyl Meken" жалпықалалық акция аясында осы демалыс күндері Алматының барлық сегіз ауданында бірден 6 мыңнан астам ағаш отырғызу ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал көктемнің соңына дейін қала басшылығы 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Алдағы демалыс күндері қаланың барлық аудандарында көшелерді, аулалық аумақтарды, жалпы қолданыстағы орындарды, арық жүйелерін, сонымен қатар өзен арналары мен жағалауларында санитралық тазалау жұмыстары жүргізілмек.

Бұдан алдын "Jasyl meken" акциясының аясында Әл-Фараби даңғылының ортасында 800 жапырақты және шырша тұқымдас ағаштар отырғызылған болатын. 1975 жылдың сәуір айынан бастап бұл жерде 30-ға шамалас ағаш түрлері отырғызылған, бірақ солардың ішінде тек үш түрі ғана - каштан, қарағай және емен ағаштары ұстап кеткен. Сондықтанда ағаштың тек осы үш түрін отырғызу шешімі қабылданды.

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы әрбір алматылықты жалпықалалық "Jasyl Meken" акциясына қатысуға және әркімнің өзінің ауласына ағаш отырғызуға шақырып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!