Алматыда өсімдіктерді биологиялық қорғаудың жаңа әдісі қолданылады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мегаполистің тұрақты дамуы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2025 жылы Алматыда өсімдіктерді маусымдық өңдеу бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама аясында жасыл желектерді биологиялық қорғау құралдары пайдаланылады.
Қаладағы ағаштар мен бұталарға күтім жасаудың жаңа стратегиясы заманауи биофунгицидтерді, биоакарицидтер мен бактериялық препараттарды, сондай-ақ, микротыңайтқыштарды қолдануды көздейді. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға түсетін химиялық жүктемені азайтып, табиғи биоәртүрлілікті сақтауға мүмкіндік береді.
"Біз дәстүрлі және биологиялық әдістердің теңгерімді үйлесіміне баса назар аударамыз. Бұл өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан тиімді қорғауға көмектеседі және экожүйе мен қала тұрғындарының денсаулығына төнетін қауіптерді азайтады", – деп атап өтті қалалық экология және қоршаған орта басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірден бастап Алматыда өсімдіктерді биологиялық өңдеу шаралары басталды.
Жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі және төрт негізгі кезеңнен тұрады:
- I кезең: 20 сәуірден 30 мамырға дейін (емендерді төрт рет, теректерді екі рет өңдеу);
- II кезең: 1 маусымнан 30 маусымға дейін;
- III кезең: 5 шілдеден 5 тамызға дейін;
- IV кезең: 15 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.
Өңдеу үшін сертификатталған биологиялық және кей жағдайда төмен қауіп класындағы (П-4) химиялық препараттар қолданылады. Олар ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және климаттық факторлар ескерілген, адамдар, құстар мен жануарлар үшін зиянсыз.
Соңғы төрт жылдағы жұмыстардың нәтижелері бойынша бұл препараттар, әсіресе, каштан жапырағы көбелегі, долана және раушан жапырақ ширатқышы сияқты фитофаг зиянкестерге қарсы күресте жоғары тиімділік көрсеткен. Жыл сайынғы жүйелі өңдеу зиянды жәндіктердің санын тұрақты түрде азайтып, қаладағы ағаштардың жай-күйін сақтап тұруға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





