Алматыда мас күйдегі жүргізуші ұрланған көлікпен ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тоқтатып, тағы екі қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 23 маусымда Бостандық аудандық патрульдік полициясы Тимирязев пен Шашкин көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзған Kaiyi маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында көлік тізгінінде мас күйде болған ер адам отырғаны анықталды. Ол бірден көлік басқарудан шеттетілген.
"Қосымша тексеру кезінде жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар автокөліктің Наурызбай ауданынан ұрланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицияда.
Аталған факті бойынша көлік ұрлау және жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйде көлік басқаруы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 22 маусымда Алматыда мемлекеттік нөмірсіз көлікпен жол ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіде жариялаған жүргізушінің ұсталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 23 маусым 2026
Доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:43, 23 маусым 2026
Алматыда аптап ыстық пен жаңбыр қатар күтіледі: Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:27, 23 маусым 2026
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
15:03, 23 маусым 2026
Қыз алып қашу – ұлттық дәстүрге жат ұғым
-
14:49, 23 маусым 2026
Саяси партия құру кезінде азаматтар тізіміне қойылатын талаптар өзгерді





