Алматыда қыздарды пәтерге шақырып, ұйықтататын дәрі берген ер адам ұсталды

14:08, 24 қараша 2017

Алматыда Өзбекстанның 36 жастағы азаматы ұсталды, ол қыздарға кездесуде клофелин беріп ұйықтатып, оларды тонаумен айналысқан, - деп хабарлайды Today.kz "Интерфакс-Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Жұмада таралған ақпаратқа қарағанда, ол бұрындары да осындай қылмыс үшін сотталып келген екен.

"Қылмысты сол бір сарында жүргізіп отырған, қыздармен танысу сайттарында танысып, жазысып тұрған, сосын жалға алған пәтерге қыздарды шақырып, ұйықтататын дәрі қосып, оларды тонаған, сатуға не кепілдікке өткізуге болатын нәрсенің бәрін ұрлаған", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта оның Алматының ауданының бірінде жоқ дегенде екі қызды тонағандығы белгілі болды.

Ұсталған жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: today.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!