Алматыда құрылыс лицензияларsy заңсыз беру схемасына қатысты тергеу басталды
© Сурет: видео скрині
ҚМА Алматы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен лицензия алу мақсатында "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізумен айналысқан тұлғалар тобының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2021 жылдан бері қылмыстық схемаға қатысушылар Алматы қаласы "Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы" КММ қызметкерлерімен сөз байласу арқылы, өздеріне қарасты компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық мамандардың бар екендігі туралы жалған мәліметтер ұсынған. Алайда бұл талаптарға нақты сәйкестік болмаған.
"Салдарынан қолданыстағы біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында І санаттағы лицензияларды заңсыз алған", – делінген хабарламада.
Тінту шаралары барысында заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін құжаттар мен заттай айғақтар тәркіленді.
Осындай "қызметтер" көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 28 наурыз 2026
Астанадағы сауда орталығында жастар жаппай төбелесті
-
15:30, 28 наурыз 2026
Қостанайда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
-
15:01, 28 наурыз 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатына дайындықты бастады
-
14:40, 28 наурыз 2026
«Таза Қазақстан»: Қонаевта 3 000 түп ағаш отырғызу жұмысы басталды
-
14:10, 28 наурыз 2026
Қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алды





