Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды – ҚР СІМ
© Сурет: pexels
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлап жүрген азаматтарға арналған ұсынымдарын жаңартты. Ведомствоның ресми мәліметіне сәйкес, Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік дерегінше, бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды.
"Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдің бірқатар мемлекеттерінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия",- делінген ақпаратта.
Министрлік өңірде жүрген ҚР азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігін еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 27 наурыз 2026
Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты – видео
-
21:33, 27 наурыз 2026
Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталды
-
21:07, 27 наурыз 2026
«Қазірден-ақ мінезді»: Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарының үш шөнжігі дүниеге келді
-
20:45, 27 наурыз 2026
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
-
19:57, 27 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 28 және 29 наурыз





