Қазақстандық ММА спортшысы Таиландта жол апатына түсті
© Сурет: instagram/aca_mma
Қазақстандық ММА спортшысы Артем Резников жаттығу жиыны кезінде Таиландтың Пхукет аралында жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports24.kz басылымына берген сұхбатында спортшы Банг Тао ауданында болған оқиғаның мән-жайын айтып, жергілікті полицияның қызық шешімімен бөлісті.
Резниковтың айтуынша, апат түзу жолда болған. Ол мотоциклмен басқа көлікті басып озбақ болған сәтте, алдыңғы көлік кенеттен бұрылған.
Оқиға қауіпті болғанына қарамастан, спортшы тек жеңіл жарақат алып, бірнеше сызатпен ғана шектелген.
"Мен мотоциклмен басып озуға шықтым, сол кезде көлік күрт оңға бұрылды. Тіпті күтпедім – ол жерде қиылыс та жоқ, түзу жол еді. Тай полициясының айтуынша, екеуміз де кінәліміз: жүргізуші мен басып озу кезінде маневр жасаған, ал мен ол жерде басып озбауым керек екен – сары тұтас сызық бар дейді. Мен оларға: "Ондай сызық жоқ қой" дедім. Полицейлер: "Бұрын болған, тек өшіп кеткен" деді. Соңында әркім өз көлігін өзі жөндесін деген шешім шығарды. Жүргізушімен жеке сөйлескен жоқпыз", – деді Резников.
Айта кетейік, 34 жастағы Артем Резников Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушенінде өнер көрсетеді. Ақпан айында жеңіл салмақтағы рейтингте сегізінші орында тұрған ол Юсуп-Хаджи Зубариевке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (29:28, 29:27, 29:27) жеңіліп қалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 17 мамыр 2026
Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
-
18:19, 16 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында сегіз алтын медаль жеңіп алды
-
13:17, 16 мамыр 2026
Сапында Molodoy өнер көрсеткен команда ширек финалда жеңіліп қалды
-
22:11, 15 мамыр 2026
Семсерлесуден Швейцариядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құрама тізімі
-
21:12, 15 мамыр 2026
Зілтемірші Петр Хребтов 2026 жылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды





