Алматыда құрылыс басқармасының маманы 2,6 млн теңгемен ұсталды

12:59, 16 қазан 2019

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қ. қала құрылысын бақылау басқармасы" КММ бас маманы Д.Е.Сейсембековке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол заңсыз құрылысты бұзу бойынша сотқа материал жинауды жүзеге асырмағаны үшін, сондай-ақ заңсыз құрылыста коммерцияны кедергісіз жүргізу үшін жеке кәсіпкерден 2 600 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алу кезінде әшкереленді.

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Алматы қ. Алмалы аудандық сотының үкімімен Д.Е. Сейсембеков ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 5 жыл бойына белгілі бір қызметпен немесе басшылық лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!