Алматыда 5 күннің ішінде қоғамдық орындарда түкірген 70-тен астам азамат айыппұл арқалады

© Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы қоғамдық орындарда түкіргендер жазаланатынын тағы да еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабымен квалификацияланады.
"Айта кету керек, Алматы тұрғындары белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олар қол жетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды. Жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы азаматтар 10 мыңға жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – адамдардың қоғамдық орындарда түкіруі". Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев
Алматыда полицейлер 11-15 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 257 дерегін анықтаса, оның 71-і – көшеге түкіргендер. Оларға 433 мың теңге айыппұл салынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2023
Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
-
17:12, 24 қыркүйек 2023
25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
-
16:56, 24 қыркүйек 2023
Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген
-
16:50, 24 қыркүйек 2023
Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын «Иран конференциясы» спектаклімен ашады
-
16:07, 24 қыркүйек 2023
Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді