Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен криминалитет өкілдері ұсталды
© Фото: pxhere
Ішкі істер министрлігі криминалитеттің бизнеске қысым көрсету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ресми емес жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілдері болған күзет ұйымының құқыққа қарсы қызметін жойды.
Олар қақтығыс жағдайлар мен арандатулар жасау арқылы объектілерді басып алумен айналысқан. Кейіннен олардың "қауіпсіздігін" қамтамасыз еткен. Мысалы, өткен жылдың 23 қарашасында фигуранттар криминалдық қамқорлық жасау және ықпал ету саласын кеңейту мақсатында караоке-барға басып кіріп, онда мекеменің иесі мен күзетшілерін ұрып-соққан.
"Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың 6-уы қамауға алынды. 20-дан астам іздеу іс-шаралары жүргізіліп, атыс және суық қару тәркіленді. Бұзақылық пен өз бетінше билік етудің бірнеше фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 21 қаңтар 2025
Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
-
12:50, 21 қаңтар 2025
Алматыда тұрғын үй құрылысы 10,3%-ға қысқарды
-
12:38, 21 қаңтар 2025
Құрылыс компаниясы алматылықтарлды 2,5 млрд-қа алдап кеткен: іс сотқа берілді
-
12:29, 21 қаңтар 2025
Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді
-
12:14, 21 қаңтар 2025
Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп, 19 есірткі зертханасы жойылды