Алматыда 9 қазанда жылу беріле бастайды: тұрғындар нені ескеруі керек
© Фото: pexels
Алматыда жылыту маусымын 2026 жылғы 9 қазанда бастау жоспарланып отыр. Осыған бірнеше күн қалғанда қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғындарға жылу берілмеген жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқарманың мәліметінше, жылу болмаса, су ақса немесе ақаулар анықталса, тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі арқылы Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына хабарласа алады.
"Нысандар жылумен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен қосылады. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелеріне және халық үшін ерекше маңызы бар өзге де нысандарға жылу беріледі. Содан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа нысандар қосылады", – деп атап өтті басқарма.
Сонымен қатар тұрғындарға пәтерлеріндегі радиаторлар мен суды ашып-жабатын арматураның жарамдылығын алдын ала тексеру ұсынылады.
Жылыту жүйесіне өз бетінше араласу, соның ішінде радиаторларды шешіп алу немесе жүйедегі суды ағызу апатқа, жүйе жұмысының бұзылуына және тік құбырлар бойындағы пәтерлерге жылу берудің тоқтауына әкелуі мүмкін.
Радиаторлар мен жылыту жүйесінің тік құбырларына қол жеткізуге кедергі келтірмеу керек. Оларды қалың пердемен жабуға да болмайды, өйткені бұл жылудың бөлмеге таралуын азайтады.
Жүйеге жылу тасымалдағыш жіберілгеннен кейінгі алғашқы күндері сақ болған жөн: радиаторлар қатты қызуы мүмкін. Әсіресе балалар мен үй жануарларының қауіпсіздігіне назар аудару қажет.
"109 жедел желісі мен Бірыңғай диспетчерлік орталықтан бөлек, өтініштерді басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары, Open Almaty және e-Otinish арқылы жолдауға болады", – деп хабарлады Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.
Бұған дейін алматылықтарға жылу берілгенімен, радиаторлар қызбаған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 7 қазан 2026
Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылды
-
16:59, 7 қазан 2026
Алматыдағы жаңа метро станциясы мен Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қай кезеңде
-
16:55, 7 қазан 2026
Астанада қанша жұмыссыз тіркелген
-
16:53, 7 қазан 2026
Депутат Салық кодексіне түзетулер енгізуді талап етті
-
16:48, 7 қазан 2026
Депутат балаларға ваучерлік қаржыландыру тетігін өзгертуді ұсынды





