Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
© Фото: pexels
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің жолдың жүріс бөлігінде дрифт элементтерін орындап, өзге де қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбасын анықтады.
Аталған әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды.
Ол қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, авариялық жағдай туындату және жол қозғалысы ережелерінің өзге де талаптарын бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі Серік Шумаев атап өткендей, мұндай жауапсыз әрі қауіпті әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.
"Мұндай құқық бұзушылықтарға полиция тарапынан әрдайым принципті құқықтық баға беріледі. Бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына немесе бейнебақылау камералары арқылы тіркелуіне қарамастан, әрбір дерек бойынша тиісті шаралар қабылданады. Азаматтардың қауіпсіздігі мен жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету – басты міндетіміз, – деді ол.
Полиция агрессивті әрі демонстративті көлік жүргізудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 24 ақпан 2026
Алматыда су және кәріз жүйелеріне заңсыз қосылған коммерциялық нысандар анықталуда
-
16:44, 24 ақпан 2026
Егіншілер үшін 2026 жылғы егіс науқанына дизель отынының жеңілдетілген бағасы бекітілді
-
16:34, 24 ақпан 2026
Астана халықаралық әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс тәртібін өзгертеді
-
16:24, 24 ақпан 2026
Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе ескеріледі
-
16:19, 24 ақпан 2026
Қазақстан мегаполистерінде ауа температурасы күрт өзгереді





