Түркістан облысында жедел уәкілдер бірнеше қылмыстың бетін ашты

18:31, 3 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Түркістан облысының жедел қызметтерімен бірқатар қылмыстар ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов жедел қызметкерлердің таяу арада атқарған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді.


Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Келес ауданында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Полициямен күдіктілер, яғни үш жергілікті тұрғын мен сатып алушы ұсталды. Олардың мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Барымташылардан ірі қара мен Hyundai автокөлігі тәркіленді.

Күдіктілер қамауда.

Ал ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сайрам ауданында жергілікті тұрғынды ұстады, оның үйінен насыбай өндіретін цехті тапты. Тінту кезінде полицейлер насыбай өндіруге арналған 15 тонна шикізат, дайын темекі заты бар 40 қап және 3 қолдан жасалған станок тәркіледі.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Сауран ауданында қиыршық тасты заңсыз өндірумен айналысатын адамдар тобын құрықтады. Құқық бұзушылардан жүк тиегіш пен екі жүк көлігі тәркіленді, олар айыппұл тұрағына орналастырылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында “синтетикалық” есірткілерді сақтау мен өткізу фактісінің жолын кесті. Жедел уәкілдер күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғынын ұстады, одан 3 есірткі орамасы тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің жасырып кеткен 25 дана есірткілері де дер кезінде анықталып, тәркіленді. Адам денсаулығына қауіп төндіретін аса зиян синтетикалық препараттың жалпы салмағы шамамен 50 грамм мефедрон болып шықты.

Жедел қызметтің тағы бір басқармасы экстремизмге қарсы іс-қимыл. Аталған басқарма қызметкерлерімен Ордабасы ауданында ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдікті ұсталды. Оны тінту кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 9 келіге жуық марихуананы тәркіледі.

Сонымен қатар осы басқарма қызметкерлерімен тінту кезінде Түлкібас ауданының тұрғынынан пистолет пен 15 оқ-дәрі тәркіленді.

"Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Түркістан облысының аумағында полициямен қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр", - деп атап өтті Құрманбек Сахов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!