Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды

© Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының Алмалы ауданында полицейлер интернет арқылы бірнеше алаяқтық дерегін жасаған деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті интернет желісінде брендтік киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Тауарды сатып алуға ниет білдірген азаматтардан алдын ала немесе толық төлем алып, уәде етілген тауарды жеткізбеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің бірнеше алаяқтық әрекетін тіркеді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.
"Қазіргі таңда интернет кеңістігі алаяқтар үшін алдау мен оңай олжа табудың алаңына айналып отыр. Сондықтан тұрғындардан сақ болуды, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды сұраймыз. Егер күмәнді жағдайлар орын алса, дереу полицияға хабарласыңыздар. Осы күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, бізге хабарласып, арыз жазуын сұраймыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр