Алматыда инновациялық орталық салу үшін бір гектардан астам жер мемлекет мұқтажы үшін алынады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласының Жетісу ауданында, Жансүгіров көшесінің батысында, Д. Қонаев атындағы каналдың солтүстігінде орналасқан, жалпы аумағы 1,2581 га болатын "Адам" ЖШС-не тиесілі жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждық үшін инновациялық шығармашылық орталық салу мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын", – делінген құжатта.
Жер қатынастары басқармасына мынадай міндеттер жүктелген:
- жер учаскелерінің иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
- жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаждық үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару шаралары аяқталғаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі аппаратының балансына беру.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін болып белгіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:57, 14 сәуір 2026
Қызылорда облысында полицейлер өрттен екі баланы аман алып қалды
-
19:38, 14 сәуір 2026
Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады
-
19:30, 14 сәуір 2026
15 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:17, 14 сәуір 2026
Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта жеңілді
-
19:04, 14 сәуір 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр





