Алматыда Хмельницкий көшесі Талғар трактіне дейін ұзарады

13:47, 8 маусым 2023

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2023 жылғы 8 маусым күні қаланың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде Хмельницкий көшесін Талғар трактіне дейін ұзартылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкміге қала тұрғыны былай деп сұрақ қойды:

"Интернетте Алматыда жолдарды ұзарту сызбасы болды. Сүйінбай, Богдан Хмельницкий көшелерінен Жұмабаевқа дейінгі жол бар. Менің білгім келетіні бұл бекітілген ұзарту жоспары ма?"

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспары негізінде бұл жоба қолға алынатынын айтты.

"Қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. 3 мамырда Үкімет қолдады, 16 мамырда ол жарияланды. Оның аясында біз қалада жолдарды дамытамыз. Жоба әрі қарай қолға алынады, Хмельницкий көшесін Талғар трактіне дейін ұзартамыз. Бізге түзу жол қажет, қисық, тар жолдарды тиімділігі шамалы. Біз барлық институттарды тартып, көлік бағыттарын бірге қарастырдық", – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, бұл Алматының орталығындағы үлкен магистральдық көшелерді ұзартуға да қатысты.

"Қала басқаша дами алмайды. Барлық басқа мәселелерді нарықтық бағамен шешеміз, ешкімді ренжітпейміз".Ерболат Досаев

Алматының қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың сөзінше, Богдан Хмельницкий көшесін ұзарту бас жоспармен бекітілген.

"Бүгінде біз жобалық -сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, сәулетшілермен қызыл сызықтар анықталды", – деді ол.

8 маусым күні Алматы әкімдігі жалға берілетін самокаттарды қай жерде мінуге тыйым салынғанын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!