Алматыда есірткіні жарнамалаған екі күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Оны Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктінің тұрғылықты жерінен есірткі жарнамалаушының құрал-жабдықтары: жапсырмалар, трафареттер, маңдайшалар, әйелдің "жұмыс берушісімен" хат-хабар алмасқан телефоны табылды және тәркіленді.
Ол ұсталып, қамауға алынды. Күдіктінің есірткіге тәуелді екені белгілі болды.
"Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тағы бір есірткі жарнамалаушыны ұстады. "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар Розыбакиев көшесіндегі үйлердің бірінде есірткіні жарнамалаумен айналысып, ақша тапқан 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
"Ғимараттың қасбеттеріне есірткі сату ресурстарының мекенжайлары жазылған жазуларды салған. Өздеріңіз білесіздер, мұндай үгіт-насихат қылмыс болып саналады. Қаскөй ұсталды және қамауға алынды. Жақын арада қылмыстық іс материалдары сотқа жолданатын болады", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:33, 4 қараша 2024
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті