Алматыда экологиялық кеңсе ашылды

22:33, 25 маусым 2017

Алматы экологиялық кеңсе экожоба Күн батареялары, жиналған жауын суымен көгалды суару және қуат үнемдегіш жеделсаты.

Алматыда осындай ерекшеліктері бар экологиялық кеңсе ашылды. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын ғимарат заманауи технологиялармен жабықталыпты. Мәселен, мұнда тек күн энергиясынан алынған қуат көзі тұтынылады, жеделсаты жоғары көтерілгенде ғана қуат көзін қажет етеді. «Экожобаны жүзеге асыруға бес жыл уақыт кетті», – дейді кәсіпкер Максим Барышев. Кеңсені салуға 280 млн теңге жұмсалған. Кәсіпкердің жобалауынша, бұл шығын 7 жылда толық ақталады.

Максим Барышев, кәсіпкер:

Орташа энергия шығынын айтсам. Қарапайым қуат үнемдемейтін кеңселер айына 350 мың теңгенің энергиясын пайдаланады. Біздің кеңсе ай сайын 70 теңгеге дейін ғана шығындайды. Яғни бес есеге үнемді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!