Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған

00:05, 12 желтоқсан 2023

© Фото: zakon.kz

Ішкі істер министрі алматылық екі полицейдің 14 жастағы қызды зорлағанын растады. Келеңсіз жағдайдан кейін екеуі де қызметінен босатылған. Тергеу әлі жалғасып жатыр дейді Ержан Сәденов.

— Осындай факт болды. Дереу қызметтік тексеріс жүргізіліп, комиссия отырысы болып, екеуі ішкі істер органдары қатарынан, қызметтен шығарылды. Қылмыстық істің шеңберінде қамауға алынды. Қазір тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыс жасаған полиция капитандары Алатау аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіпті. Ал оқиға 4 желтоқсанда болғанымен, іс араға тек төрт күн салып қозғалған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның мән-жайын айта алмаймыз деп артық тіс жармады. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 2009 жылғы кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлағаны үшін ҚР ҚК 120-бабы, 2-бөлігі, яғни «зорлау» дерегі бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!