Алматыда әйел өз ұлынан қорлық көріп, үйінен қашып шыққан: полиция мән-жайды анықтап жатыр
© Сурет: pixabay
Алматыда полиция әйелді өз ұлы азаптағаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде алматылық тұрғын көшеде қолы байланған жалаңаяқ әйелді кездестіргені туралы ақпарат тарады.
"Оның айтуынша, әйел қандай да бір жолмен сыртқа қашып шыққан. Кейін оның туған ұлы отбасылық өміріне араласты деген себеппен анасын байлап, жазалағаны белгілі болды", – делінген видео сипаттамасында.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тексеру басталғанын хабарлады.
"Әйелдің жеке басы анықталды. Қазір ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Сонымен қатар бұған дейін аталған жағдай бойынша полицияға ешқандай арыз түспеген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады", – деп түсіндірді полиция.
Бұған дейін тағы бір жағдай түнде алматылықтарды таңғалдырған еді. Түнгі сағат үште қаланың дәмханаларының біріне толықтай жалаңаш бала жүгіріп кірген. Кейін оның аутизмі бар екені және ересектер ұйықтап жатқанда үйден өздігінен шығып кеткені анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 2 қазан 2026
Бас прокуратура Мұғалімдер күні қарсаңында қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады
-
16:51, 2 қазан 2026
Шымкентте 10 жастағы балалардың интим суреттерін сұраған күдікті ұсталды
-
16:46, 2 қазан 2026
Алматыда Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
-
16:41, 2 қазан 2026
Ұлттық экономика министрлігінің жаңа функциялары пайда болды
-
16:35, 2 қазан 2026
Тамерлан Төлеулес таеквондодан Қазақстанға Азия ойындарындағы тұңғыш алтынды әкелді





