Алматыда бұрын жарығы болмаған 320-дан астам көшеге жарық желісі жүргізілді

14:56, 24 қаңтар 2020

Алматыда өткен жылы 587 шақырым инженерлік желілер салынды, оның 287 шақырымы - кәріз құбырлары, 150 шақырымы - электр желілері, 20 шақырымы - жылу және 130 шақырымы - газ желілері, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2019 жылы қала бюджеті 100 процетке игеріліп, 73 шақырым жол құрылысы аяқталды, 47 шақырым арық реконструкцияланды.

Мемлекеттік бюджет аясында шамамен 300 мың тұрғынды қамтыған 670-тен астам аула абаттандырылды, 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Бұрын жарығы болмаған 320-дан астам көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 8,4 мың жаңа жарық нүктелері орнатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!