Алматыда бір аудан тұрғындарына жақсы жаңалық айтылды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Бостандық ауданында жаңа жасыл аймақ пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің абаттандырылу жұмыстарын көріп қайтты. Жаңа саябақ Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында, "Оңтүстік" саябағының солтүстігінде орналасқан. Жалпы аумағы 4,1 гектар.
Жұмыс сапары барысында әкім құрылыс барысымен танысты. Жобада жаяу жүргінші жолдары, балалар ойын алаңдары, жарық шамдар мен шағын сәулет нысандары қарастырылған. Ерекше көңіл көгалдандыруға бөлінген: 120-дан астам ағаш – жөке, каштан және қарағай отырғызу жоспарланған.
"Мердігерлерге нақты тапсырма берілді, құрылыс белгіленген уақытта әрі тиісті деңгейде аяқталуға тиіс. Қала тұрғындарына сапалы жұмыс керек, біз мерзімнің созылып кетуіне немесе атүсті жасауға жол бермейміз. Егер тәртіп бұзушылықтар анықталса, қатаң шаралар қолданамыз", - деді Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ ол жұмыс сапасына жеке жауапкершілік туралы ескертіп, ереже бұзылған жағдайда шара қолданылатынын айтты.
Құрылыс жұмыстары үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңа саябақ қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи демалыс орнына айналмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 22 қыркүйек 2026
KeshYOU тобының бұрынғы солисі Баян Алагөзоваға үндеу жасап, Астанадағы шоу кадрларын көрсетті
-
15:58, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанның тас жолдарында жылдамдықты бақылау күшейеді
-
15:47, 22 қыркүйек 2026
22 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы сәл төмендеді
-
15:31, 22 қыркүйек 2026
VIP-нөмірлі жеті көлік БАКАД-та жол ережесін бұзды
-
15:23, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтіледі





