Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды

13:58, 21 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

Бейнежүйенің сервер блоктарынан кабельдерді ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тергеудің осы кезеңінде күдіктінің қаланың төменгі бөлігінде тіркелген төрт ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті күндізгі уақытта ұрлық жасап жүрген.

Ал өтіп бара жатқандар арасында күдік тудырмас үшін күртеше киіп, бір сөзбен айтқанда, сервистік компания өкілінің атын жамылып, әрекет еткен және ұрлаған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізген.

Талдау жүргізілді, бейнебақылау камераларының мәліметтері зерттелді. Нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!