Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды

16:12, 5 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматының Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ол аялдамалардың бірінің терезесін сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды.

"Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.

Қоғамға жат мінез-құлық, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін жаза қарастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!