Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі

12:06, 12 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматыда 2026 жылдың маусым айында орташа қысымды жерасты газ құбырларын жаңғырту жұмыстары басталады. Осыған байланысты, Жароков пен Әл-Фарабидегі көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Алмалы ауданында Қарасай батыр көшесінен Жароков көшесінің шығыс жағы бойымен Мынбаев көшесіне дейін орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Жұмыстар жалпы ұзындығы 1861 метр болатын учаскені қамтиды.

Қайта жаңғырту барысында 1974 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 426 мм болатын қолданыстағы газ құбыры диаметрі 530 мм жаңа газ құбырына ауыстырылып, 29 мыңнан астам пәтер мен 915 жеке тұрғын үйді газбен жабдықтау сенімділігі артады.

"Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жароков көшесінің жекелеген учаскелерінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі",- деп мәлімдеді "QazaqQaz Aimaq" АК баспасөз қызметі.
Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 12:06

Сурет: "QazaqQaz Aimaq" АК

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстар Медеу және Бостандық аудандарында да жүргізіледі. Ол Луганский көшесінен Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейінгі 1154 метр учаскені қамтиды.

Мамандар 1974 жылы салынған, диаметрі 426 мм газ құбырын, диаметрі 720 мм жаңа құбырларға ауыстырады.

Жұмыстар жолдың төрт учаскесінде бір мезгілде басталады:

  • Falcon City тұрғын үй кешені алдында (335 қ.м.)
  • Ritz-Palace сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы (471 қ.м.)
  • Меңдіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылы арасында (166 қ.м.)
  • Померанцев көшесі мен Қаратаев көшесі арасында (162 қ.м.)
Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 12:06

Сурет: "QazaqQaz Aimaq" АК

Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 12:06

Сурет: "QazaqQaz Aimaq" АК

Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 12:06

Сурет: "QazaqQaz Aimaq" АК

"Автокөліктериелеріне бағыттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдау ұсынылады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 15 маусымға дейін "Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектелетіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz

Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!