+38°С дейінгі аптап ыстық, найзағай мен бұршақ: Қазақстан бойынша 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Қазақстанда алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерге бұршақ түсуі де мүмкін. Дегенмен, республиканың бірқатар аймағында +38°С дейінгі аптап ыстық та болжанып отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 13-15 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамында айтылған.
"Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды".
Нөсер жауын күтіледі:
- 13 және 15 маусымда Қостанай облысында,
- 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында.
"Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұл ретте, +38°С дейінгі аптап ыстық болжанады:
- 13-15 маусым аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында,
- 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында,
- 15 маусымда Атырау облысында.
Бұған дейін қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 12 маусым 2026
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін
-
14:09, 12 маусым 2026
Перизат Қайраттың қымбат көліктері неге мемлекеттік органдарға тегін берілді
-
13:50, 12 маусым 2026
Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды
-
13:50, 12 маусым 2026
Тоқаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасын қабылдады
-
13:50, 12 маусым 2026
Тоқаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады





