Алматыда арық желілері тазартылып жатыр

14:39, 2 шілде 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы Жазы" науқаны аясында арық желілері тазартылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда "Таза Қазақстан" жалпы республикалық акциясы аясында өтетін және жазда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы болып табылатын "Алматы Жазы" акциясы жалғасуда.

Науқан барысында 26 маусым мен 6 шілде аралығында ұзындығы 1525 км арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтілді.

"Алматы Тазалық" МКК-мен бірге арықтарды тазартуға 6 мердігер ұйым жұмылдырылды. Жұмысқа күнделікті 54 бірлік арнайы техника мен 720 жұмысшы шығады. Күн сайын мердігер ұйымдар арық желілерінен 250 м3 балшық және т.б. қоқыстар шығарады.

Жауын-шашын кезінде арық желілері арқылы судың кедергісіз ағып қамтамасыз ету және су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен, багралармен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады.

Естеріңізге сала кетейік, "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жойғаны және бүлдіргені үшін" Алматы қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда коммуналдық қызмет жұмысшалыра атағандай, айыппұлдарға қарамастан, қалалық арық желілері күн сайын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтармен бітеледі.

"Алматы Жазы" акциясы осы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасады. Басты мақсат ел арасында жоғары азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!