Алматыда Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде түнде көлік қозғалысы шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Жұмыс жүргізу мерзімі технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @Almaty_Joly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 10 қыркүйек 2026
Депутат қауіпті пранктер мен арандатушылық эфир жүргізетіндердің жазасын күшейту керектігін айтты
-
16:10, 10 қыркүйек 2026
Құрылтайда заң жобаларын қарау үшін жұмыс топтары қалай құрылады
-
16:07, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандықтар 8 қыркүйектен бастап тағы бір көмекті тегін ала алады
-
15:59, 10 қыркүйек 2026
Алаяқтар қазақстандықтарға заңсыз несие рәсімдету үшін қандай айла тәсілдер қолданады
-
15:42, 10 қыркүйек 2026
Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігінен айырылды





