Қазақстанда 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігінен айырылды

15:42, 10 қыркүйек 2026
MKZ: 1566161

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, цифрлық деректер алмасудың арқасында 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылған.

Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық медициналық бақылауда тұрған және көлік жүргізуге қарсы көрсетілімдері бар азаматтар туралы мәліметтерді уәкілетті органдарға береді.

"Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Көлік жүргізуге қарсы көрсетілім болып саналатын аурулар тізбесі нозологияның сегіз түрін қамтиды", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов 2026 жылғы 10 қыркүйекте.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландырудан өту процесі цифрландырылды. Медициналық анықтама электронды форматқа көшіріліп, дәрігерлік комиссияның қорытындысы ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.

Бұған дейін, 8 қыркүйекте, қазақстандық азаматтың 2017 жылдан бері қолданып келген жүргізуші куәлігі медициналық диагнозына байланысты тоқтатылғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!