Алматы тауларында жеке тұрғын үй өртенді

18:48, 25 маусым 2025

© Фото: zakon.kz

Әлеуметтік желіде Алматы тауларындағы өрттің видеосы тарады. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ТЖД баспасөз қызметіне хабарласты.

Белгілі болғандай, 25 маусымда сағат 17:13 шамасында ТЖД қызметкерлері Бостандық ауданындағы "Ремизовка" бау-бақша серіктестігінде орын алған өртті сөндіруге аттанған.

Өрт бір қабатты жеке тұрғын үйді шарпыған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт 80 шаршы метрді қамтыды.

Оқиға орнында 18 құтқарушы мен үш арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!