Алматы полициясы әуе барлауының көмегімен марихуана плантациясын анықтады

© Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны марихуана өсіріп, оны сатқан.
"Қарасора – 2023" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 48 жастағы Ш.есімді азаматты ұстады. Оның үйінен құрамында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 100 литрлік пластикалық бөшке тәркіленді. Ұсталған адамның айтуынша, бұл – марихуана, ол оны өз бақшасында өсірген, одан есірткі заты бар өсімдіктің 87 түбі анықталды. Айтпақшы, бұл дерек әуе барлауының нәтижесінде дронмен анықталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Сондай-ақ үйді тінту кезінде жедел уәкілдер Иж маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 5 миллион теңгені тапты.
"Сонымен қатар Құлжа тас жолы мен Попович көшесінің қиылысында Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғыны 1979 жылы туған С.есімді азаматтың басқаруында болған Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Оның көлігін тінту барысында өсімдік тектес зат салынған 15 полиэтилен бума мен ақша тәркіленді. Күдікті бұл есірткі партиясын Ш.есімді азаматтан сатып алғаны және оның тұрақты клиенті екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды", – деді Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған коллаборацияcы желіні дүр сілкіндірді
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған дуэті желіні дүр сілкіндірді
-
01:13, 12 желтоқсан 2023
Түркістан облысында бадминтоннан халықаралық турнир аяқталды
-
00:52, 12 желтоқсан 2023
Аяз, қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер бүгін 14 өңірде ескерту жасады
-
00:05, 12 желтоқсан 2023
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған