«Алматы-Өскемен» пойызына жолаушылар отырғызуға және түсіруге тьйым салынды

11:49, 13 мамыр 2021

© Сурет: 24.kz

13 мамырдан бастап Өскемен және Ново-Өскемен станцияларында №351/352 “Алматы – Өскемен” пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ, ҚР ИИДМ және ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр түн ортасынан бастап күшін жойғанға дейін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен станциялары бойынша" Алматы-Өскемен " бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынады, делінген құзырлы мекеме хабарламасында.

Сонымен қатар компания жолаушылар сатып алынған билеттерді және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін ақшаны қаражатын ұстап қалмай, толық көлемде қайтарып ала алатындығын атап өтті.

Жолаушылар пойыздардың жүру тәртібі туралы барлық анықтамалық ақпаратты "105"нөмірі бойынша біле алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!