Алматы облысының тұрғындары ұзындығы 30, ені 15 метр болатын туды көрді

© Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде атап өтілді. Өңірдің орталығы Қонаевта ауқымды көк туы қала тұрғындарының назарына ұсынылып көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоғамдық даму орталығы ұзындығы 30 метр, ені 15 метр және салмағы 150 келіге жуық елдің туын арнайы тапсырыс бойынша дайындатқан.
Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен "Мемлекеттік туым - менің мақтанышым" челленджі аясында трендтегі бейнеролик түсірді.
"Көк туымыз бейбітшіліктің символына айналды. Әнұранымыз әлемнің әр тарабында шырқалып, жасампаздықтың жыры болып келеді. Мұның барлығы қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Өз кезегінде Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту - әрбір азамат үшін қасиетті борыш", - деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев өзінің құттықтау сөзінде.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік іс-шараға еңбек ардагерлері, өңір аумағында жұмыс істейтін ҚР Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер, әскери және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сондай-ақ бұл күні Қазақстан жалаулары бар ретроавтобильдердің дәстүрлі жылжымалы көрмесі өтті. Онда қала тұрғындары бір кездері Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың автомобилін тамашалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы облысының жастары ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
Сонымен қатар бұқаралық салтанатты іс-шаралар Алматы облысының барлық ауданы мен қаласында өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:42, 26 қыркүйек 2023
Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды
-
00:19, 26 қыркүйек 2023
Азия ойындары: 26 қыркүйекте қазақстандық спортшылар спорт қай түрлерінен бақ сынайды
-
23:45, 25 қыркүйек 2023
Шымкентте жол апаты салдарынан 2-сынып оқушысы зардап шекті
-
23:09, 25 қыркүйек 2023
Азия ойындары: 25 қыркүйек күнгі жарыстың нәтижелері
-
22:51, 25 қыркүйек 2023
Жетісу облысында мешіт имамдарының қызметіне кедергі жасаған екі тұрғын жазаланды