Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

16:51, 21 наурыз 2026

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 21 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды.

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!