Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты
Аз ғана уақыттың ішінде тілсіз жау бірнеше жүз гектар жерді шарпыды.
Абырой болғанда қызыл жалын дер кезінде сөндіріліп, елді мекендер мен егіс алқаптары зиян шеккен жоқ.
Тікұшақтың әуеге көтеріле салысымен алыстан будақтаған қара түтін көрінді. «Қазавиаорманқорғаудың» ұшқыш-инспекторы дереу өрт сөндіру бөлімшесіне хабарлады. Іле-шала аудан орталығы Бақанастан бірнеше арнайы техника жолға шықты. Бірақ өрт шыққан жерге жету оңай емес. Сондықтан тағы да ұшқыштардың көмегіне жүгінуге тура келді.
Талғат Әлиев, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК аға ұшқышы:
-Дала, орман өрттері әр жыл сайын әркелкі келеді. Ол біріншіден ауа райына байланысты болады. Авиациямен біз алдын ала алыстан көре аламыз. Тез жете аламыз.
Бұл жолы өрт сөндірушілерге табиғаттың өзі болысып, жел Іле өзеніне қарай соғып тұр. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін бақанастық өрт сөндірушілер 2 тактикалық әдісті қолданды.
Айдын Аяпбергенов, өрт сөндіруші:
-Жанып жатқан өрттің алдын алып, жел жағынан келіп өшіріп, одан кейін қарсы от қойып, жанып жатқан отқа, жанбай жатқан жерлерге су шашып, солай адам мен техниканың күштерімен өрттің алдын алып, өшіріп жатырмыз.
Қала мен дала болсын өрттің шығу себебі біреу ғана. Ол – адамдардың немқұрайлылығы. Қазақстанда жыл басынан бері орман мен далада 340 рет өрт шыққан. Бірақ нағыз қауырт кезең әлі алда. Күзде қауіп күшейеді. Бұл уақытта «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің әуе флоты түгелдей айналаны шолуға шығады.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Асқар Серғалиев, Кенже Амраев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





