Алматы облысындағы қайғылы оқиға: ана мен бала абайсызда ағыны қатты өзенге құлаған

18:37, 23 маусым 2025

© Сурет: pixabay

22 маусымда Тұздыбастау елдімекенінде 44 жастағы әйел абайсызда Талғар өзеніне құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онымен бірге кәмелетке толмаған баласы да суға кетті деп болжанады.

"Іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жеткізді Zakon.kz редакциясына Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін екі ер адам ШҚО-да суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарамын деп өздері де бақилық болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!