Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды
Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Бүгін түнде 15 жастағы Әсем Оразованың моншада есінен танып қалғаны турал қоңырау келіп түсті. Ол арада баланың қанша уақыт жатып қалғаны белгісіз. Әзірге, ресми ақпарат жоқ. Көршілері оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Аурухана қыздың үйдіне тиіп тұр. Бірақ, куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдеммен келген жас дәрігер ештеңе істей алмаған, өйткені қолында ешқандай құрылғысы мен дәрісі болмаған. Қыздың есін жидырту үшін жасалған барлық әрекеттер сәтсіз болған", - деп жазды автор.
Оның айтуынша, ауыл ауруханасы туралы алып-қашпа сөз көп. Білікті дәрігерлер жетіспейді, құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен қызметтік көліктер де жоқ.
"Бұл жайт - ата-анасы үшін үлкен қасірет. Оларға қайғырып көңіл айтамын. Тиісті қызметтер мен мемлекеттік органдардан бұл жайтты бақылауға алуын сұраймын. Жедел жәрдем бригадасы жұмысына құқықтық баға беру керек. Егер дәрігер қызды құтқара алатын жағдайда болып, бірақ оны дұрыс атқара алмаса, онда олар заң бойынша жауап беруі керек, - деп сөзін түйіндеді жазба авторы.
Бұл жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін zakon.kz тілшісі Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласты.
Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша мұқият тергеу жүргізіліп, жазбада сипатталған жағдайдың шындыққа жанаспайтындығы белгілі болды. Дәрігерлер қызға көмектесе алмаған, өйткені ол жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмған.
28 мамырда сағат 21: 35-те диспетчерлік қызметке қоңырау келіп түсті. 21: 39-да жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында болды. Бригада келген уақытта 2005 жылғы қыз ешқандай тіршілік белгілері болмаған. Мұндай жағдайда реанимация және басқа да шаралар жасалмайды. 28 мамырда, сағат 21: 43-те биологиялық өлім тіркелді. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өткізуге тапсырылды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау қызметінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, департамент жедел жәрдем қызметкерлерінің барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 мамыр 2024
Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты
-
17:37, 7 мамыр 2024
7 мамыр - Астанада бокстан медальдар «жауған» күн!
-
16:52, 7 мамыр 2024
«Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай». Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
16:42, 7 мамыр 2024
Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 шақырымнан асатын бөгет салынды
-
16:33, 7 мамыр 2024
Бауыржан Момышұлы ерлігі – көпке үлгі