Алматы облысында қыста бәйшешек гүлдеді
© Сурет: Instagram/ile_alatau_nationalpark
Табиғаттың тосын сыйына қайран қалмасқа шараң жоқ. Қыс келгеніне қарамастан, Алматы облысының тауларында көктемде, жазда өсетін гүлдер "ояна бастады", деп хабарлайды Zakon.kz.
Іле-Алатау ұлттық паркінің мамандары бұл құбылысқа бірқатар факторлар әсер етіп отырғанын айтты.
Мамандар Жер планетасы тарихтағы ең ыстық жазды биыл, яғни 2023 жылы өткергенін еске салып өтті.
"Ұзақ мерзімді климаттық тенденциялар, жаһандық климаттың өзгеруі маусымдық ауа райына, соның ішінде жауын-шашын мен температура режиміне әсер етіп, қардың түсуін кешіктіреді", – делінген хабарламада.
Фотограф Дмитрий Доценко желтоқсанның 4-күні Алматы шатқалдарының бірінде Алатау бәйшешегін кезіктіріп, суретке түсіріп алған еді.
"Бұл құбылысқа көз жеткізу мақсатында ғылыми бөлім мамандары Алатау бәйшешегі шығатын орынға барып, тек бәйшешектің емес, өзге де гүл түрлерінің "оянып" жатқан сәтіне куә болып қайтты". Іле-Алатау ұлттық паркі
Мамандар желтоқсандағы сапар барысында тау беткейінде өсіп тұрған айдаршөп (лат. Corуdalіs), ботакөз (лат. Myosotis), көкшытырша (лат. Berteroa incana) сияқты мамыр-маусым айларында шығатын гүлдердің жайқалып өскені өте сирек құбылыс екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





