Алматы облысында қылмыскердің түсіне өзі өлтірген ағасы кіріп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген

14:43, 16 қаңтар 2018

Алматы Облысы Үштөбе қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, туған ағасын өлтіргенін мойындады, деп жазады Stan.kz.

Аймақтық ІІД мәліметіне сәйкес, 27 жастағы қала тұрғыны өзінің ауыр қылмысын полицияға мойындаған. Өзінің айтуынша, 2017 жылыдң 16 сәуір күні туған ағасымен ұрсысып қалып, пышақтап тастаған. Денесін жертөлеге көміп тастапты.

Полицейлер үйді тінтіп, жартылай шіріп кеткен адам денесін тапты. Мәйітте зорлықпен өлтірілген із бар.

Ағалы-інілі ағайындар спирттік ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Дау соңы ақыры адам өлімімен аяқталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамның айтуынша, ол адам өлтірген соң тыныштық таба алмай, күн сайын түсінде ағасын көріп шығыпты. Күдікті қазір қамауға алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!