Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады.
Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





