Жамбыл облысы әкімінің орынбасары өңірдегі бірқатар нысанды аралап, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктеді
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Шу ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, өндіріс орындарының басшыларымен кездесті.
Сапар барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, білім беру нысандарының жағдайы, өндіріс саласын дамыту және еңбек қауіпсіздігі мәселелері күн тәртібіне шығарылды.
Жұмыс сапары алдымен аудан әкімдігінде зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуден басталды. Басқосуда өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесуге қатысушылар өңірдің тұрақты дамуы үшін қоғамдық келісім мен бірліктің маңыздылығына тоқталып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуден өтіп жатқан Мойынқұм орта мектебіне барып, құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының шамамен 60 пайызы орындалған. Нысанда мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі ескертілді.
Жұмыс сапары аясында Шу қаласындағы 30 орындық "Алға" бастауыш мектебінің де мәселесі назардан тыс қалмады. Соңғы жылдары білім алушылар санының артуына байланысты тұрғындар тарапынан жаңа білім беру нысанын салу туралы ұсыныстар айтылып келеді. Осыған байланысты аудан әкімдігіне мәселені жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Бұдан кейін "Shengtai Biotech LTD. Fufeng Group" ЖШС жүгері өңдеу зауытында кәсіпорын басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлермен өзара әріптестікті нығайту, өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарын тәмамдаған мамандарды жұмысқа тарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.
Жұмыс сапарының қорытындысында Серік Сәлемов "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағына барып, ондағы өндіріс орындарының қызметімен және жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайымен танысты.
Жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Өңірдегі әлеуметтік нысандардың сапалы жұмыс істеуі, өндірістің тұрақты дамуы және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 28 шілде 2026
Оралдың бір бөлігін қою түтін басты: қалада төтенше жағдай режимі енгізілді
-
17:31, 28 шілде 2026
Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды
-
17:24, 28 шілде 2026
Алматыда ПИК пен МИБ жұмысына қойылатын талаптар күшейтіледі
-
17:20, 28 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық пен бұршақ аралас жаңбыр болжанып отыр
-
17:16, 28 шілде 2026
Алтайда мас күйінде көлік айдаған ресейлік әйелдің кесірінен екі қазақстандық қаза тапты









