Алматы облысында балаға қол жұмсаған имамға қатысты ҚМДБ өкілдігі мәлімдеме жасады
© Сурет: hilal.kz
Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды. Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін, өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде". ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі
Айта кетсек, әлеуметтік желіде имамның намаз кезінде кішкентай баланы қолымен қағып жіберіп сұлатқан видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болғандығы анықталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





