Алматы облысында Армениядан келген жүзден астам көлік уақытша тіркелді
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы еліміздің аумағына Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге алу тәртібін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған қаулыға сәйкес шетелдік тіркеудегі, нақты айтқанда, Армения елінде тіркеуде тұрған көліктердің иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елімізде қайта тіркеуге қою қажеттілігі айтылды.
"Армениялық көліктерді елімізде міндетті тіркеу қажет екені түсіндірілді. Осы уақытқа дейін Алматы облысында 102 көлік тіркеуден өтті. Шетелдік тіркеудегі көлік иелері темір тұлпарларын Қазақстанда тіркеуден өткізудің артықшылықтарын жете түсінуі тиіс. Өйткені, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады", - Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.
Ведомство өкілінің айтуынша көлікті уақытша тіркеуден өткізуге шамамен 12 мың теңге төлем жасалады. Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеу биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.
"Армениялық көлік иесі атанған Алматы облысының барлық тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып, елімізде тіркеуден өткізуге шақырамын. Көлікті тіркеуге қатысты кез келген сұрақтарыңыз болса, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінулеріңізге болады", - деді полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:33, 26 сәуір 2024
Елшілік арқылы ҚР азаматтығынан шығуға өзгерістер енгізілуде
-
14:56, 26 сәуір 2024
Ер адамның әйелді аяусыз ұрған бейнесі желіе тарап кетті
-
14:30, 26 сәуір 2024
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт