Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

12:11, 1 шілде 2020

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, әкімнің бұйрығымен, президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен жаңа әкім тағайындалды.

Ол Қуанышбек Қашқымбаев. Жаңа аудан басшысы аудандық мәслихат депутаттарына таныстырылды.

Кашқымбаев Қуанышбек Қалиұлы 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын , Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Мамандықтары бойынша – тау-кен инженері-электрик, заңгер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!