Алматы мен облысында теле және радио хабарлары екі күнге тоқтатылады

18:03, 20 қазан 2026
MKZ: 1573416

© Сурет: Zakon.kz

"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аудандарының халқына "Көк-Төбе" радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспарлы-профилактикалық және жоспардан тыс монтаж жұмыстары жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 20 қазанда жарияланған ақпаратқа сәйкес, теле және радио хабарларын тарату уақытша мына кесте бойынша тоқтатылады:

  • 2026 жылғы 21 қазан: сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстармен қатар жүргізіледі);
  • 2026 жылғы 22 қазан: сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасады).
"Телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында "Көк-Төбе" телемұнарасында 275–282 метр биіктікте FM диапазонына арналған заманауи антенна жүйесін орнату жұмыстары жүргізіледі. Бұл техникалық шаралар радио хабарларының сапасын, тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған", – деп атап өтті "Қазтелерадио" өкілдері.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, көрермендер мен тыңдармандарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!