Алматы мен Астана тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасалды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі.
Қазгидромет мәліметінше, 15 мамыр күні Алматы мен Көкшетауда, ал түнгі уақытта Астана мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оған желсіздік, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы жатады.
Мұндай кезде тұрғындарға:
- ашық ауада ұзақ уақыт болмауға;
- әсіресе автожолдар мен ластаушы көздерге жақын жерлерде серуендеуді шектеуге;
- созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.
Бұған дейін синоптиктер 15 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 15 мамыр 2026
Өзбекстан алғашқы ғарышкерін іздестіріп жатыр
-
10:27, 15 мамыр 2026
Үндістанда болған алапат дауыл әлеуметтік желіні шулатты
-
10:16, 15 мамыр 2026
Кипрде демалыста жүрген әйелдің баласын ұрлап кеткен
-
10:08, 15 мамыр 2026
Семейде полицейлер денсаулығы күрт нашарлаған ер адамды құтқарып қалды
-
09:58, 15 мамыр 2026
Сәтбаевта миллиондаған қаржыға егілген көшеттер қурап жатыр





